Венесуэлада халық вакцина орталығының алдына ереуілге шықты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Венесуэланың Каракас қаласында халық екпе егу орталығының алдында ереуілге шықты.&nbsp;</h4>

 18 Қыркүйек 2021 2021, 03:47
18 Қыркүйек 2021 2021, 03:47
2324

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың Каракас қаласында халық екпе егу орталығының алдында ереуілге шықты.

Жиналғандардың арасында егде жастағы тұрғындар көп. Наразылар биліктен коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын талап етті. Мәселен, көбі осыдан 4 ай бұрын Sputnik V препаратының бірінші дозасын ғана қабылдаған болатын.

Ресейлік мамандардың айтуынша, Sputnik V  вакцинасының екі компоненті арасында 180 күнге дейін ғана кідіріс жасауға болады.

Айта кетейік, Венесуэлада көбіне ресейлік Sputnik V  мен қытайдың Sinopharm препараты қолданыста. Бүгінде ел тұрғындарының 15 пайызы ғана толық егілген.



Наверх