Венесуэлада 1,3 млн адамға жарты жыл бойы гуманитарлық көмек көрсетіледі – БҰҰ

Қазірге дейін ұйым 300 миллион доллардан астам қаржы бөліп, 40 мыңға жуық адамға азық-түлік жеткізген.

 REUTERS/MIGUEL MEDINA/Pool 10 Шілде 2026, 19:21
10 Шілде 2026, 19:21
148
Фото: REUTERS/MIGUEL MEDINA/Pool

БҰҰ Венесуэлада жер сілкінісінен зардап шеккен 1 млн 300 мың адамға жарты жыл бойында гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұны БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша өкілі Том Флетчер айтты. Қазірге дейін ұйым 300 миллион доллардан астам қаржы бөліп, 40 мыңға жуық адамға азық-түлік жеткізген. Соңғы мәлімет бойынша Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен 4 мыңға жуық адам қаза тауып, 17 мыңға жуығы жарақат алған.

Венесулада екі жойқын жер сілкінісі болды. Мұндай табиғат апаты кез келген мемлекет үшін ауыр сынақ болары анық. Сондықтан біз өте қысқа уақыт ішінде 30-дан астам елден 50 іздестіру-құтқару тобын жұмылдырдық. Бұл халықаралық қауымдастықтың қолдауы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Жергілікті үкіметпен бірлесіп құрған үйлестіру орталығы гуманитарлық көмекті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр, – дейді БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелер жөніндегі бас хатшысының орынбасары Том Флетчер.

Наверх