Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Бүгiн, 07:10
267
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Венесуэла үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне АҚШ-тың елге қатысты «жалғасып жатқан агрессиясын» талқылау үшін арнайы отырыс өткізуді сұрап өтініш жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы 23 желтоқсан күні өтуі мүмкін.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Венесуэлаға кіретін немесе одан шығатын санкцияланған барлық мұнай танкерлерін «бұғаттау» туралы бұйрық берген болатын. Бұл қадам Вашингтонның Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметіне және елдің негізгі табыс көзі саналатын мұнай саласына қысымды күшейтуге бағытталған кезекті шарасы ретінде бағалануда.

Өзгелердің жаңалығы