Венада қазақ киносының күндері өтті

9 Қараша 2023, 01:12
705
Бөлісу:
Венада қазақ киносының күндері өтті
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында Венаның «Штадкино» атты орталық кинотеатрларының бірінде қазақстандық «Дос Мұқасан» және «Паралимпиец» фильмдерінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрсетілім Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі, Қазақстан киносының Француз қауымдастығы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «EduStream» білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Кино күндеріне дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, Аустрияның қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрермендер қазақ кино өнерінің тарихы мен даму деңгейімен таныстырылды.

Дос Мұқасан фильмін көргенге дейін қазақ киносымен таныс емес едім. Жағымды жағынан таң қалдырды. Фильмнің оқиғасы мен сюжеті тартымды, актерлер рөлдерді жоғары деңгейде ойнап, фильм үлкен қызығушылық туғызды. Браво! – деп өз пікірімен кинотанушы және киносыншы Лана Деларош бөлісті.

«Бізге «Паралимпиец» фильмі қатты ұнады. Орталық Азия аймағының мәдениеті мен тарихын жақсы білетін ұлымды өзіммен бірге алып келдім. Фильм өте эмоционалды болды және сценаристтің жақсы жұмысын атап өткім келеді» – деді Францияның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Фатен Бенабиле-Фое.

Өзгелердің жаңалығы