Велосипед ұрлаған елорда тұрғыны ұсталды

4 Мамыр 2022, 15:54
2087
Бөлісу:
Велосипед ұрлаған елорда тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияда атап өткендей, қала аумағында велосипед ұрлау фактілері жиілеген.

Кеше «Есіл» ауданының полицейлері кезекті велосипед ұрысын ұстады. Сол жағалаудағы тұрғын үй кешендерінен белгісіз біреудің екі велосипедті ұрлағаны анықталды. Тұрғын үйлердің кіреберісіне кіріп, ол сым арқанды кесу арқылы велокөлікті ұрлап кеткен. Бір жағдайда ол құны «Джокер» маркалы велосипедін, ал екінші үйде «CRONUS» маркалы велосипедін ұрлап кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 26 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында екі велосипед тәркіленді. 

Күдікті өз кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ оның ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Көктем-жаз маусымдарының басталуымен көптеген қала тұрғындары велокөліктерді пайдалануға көшеді. Мұны пайдаланған қаскүнемдер қоғамдық орындарда қалдырылған велосипедтерді ұрлап әкетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті сақ болуға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, оларды  ұрылардың жеміне айналдырмауға міндетті түрде ұрлыққа қарсы сенімді велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады. Велокөліктерді бейнебақылау камералары бар тұрақтарға қалдырыңыз. 

Егер сіз күдік тудыратын адамдарды байқасаңыз, полицияға немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы