Вегетациялық кезең тұрақты өтті – Брекешев

22 Қараша 2022, 10:48
1669
Бөлісу:
Вегетациялық кезең тұрақты өтті – Брекешев

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол осы жылдың вегетациялық кезеңінің қорытындылары жөнінде баяндады.

Осы өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін былтыр қараша айынан бастап дайындық жұмыстарын жүргіздік. Ол үшін арнайы жұмыс жоспарын бекіттік, – деді Брекешев.

Оның мәлімдеуінше, бұл кезеңде сыртқы және ішкі іс-шаралар іске асырылды.

Біріншіден, жоғарғы су қоймаларынан қосымша су ағызуды қамтамасыз ету бойынша іргелес елдермен жұмыс. Екіншіден, трансшекаралық өзендер бассейндерінде мемлекетаралық пайдалану каналдарында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары. Үшіншіден, суару желісінің магистральдық және шаруашылық аралық каналдарын тазалау, қосымша жабдықтарды сатып алу. Төртіншіден, ылғал көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту жүргізілді. Бесіншіден, су үнемдеу технологияларын ауқымды енгізу, – деп атап өтті ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы