«Ватниктерге» қарсы шыққан жігіттер негізсіз сотталды - адвокат

19 Шілде 2022, 11:26
1647
Бөлісу:
«Ватниктерге» қарсы шыққан жігіттер негізсіз сотталды - адвокат
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Адвокат Айман Омарова ұлттық алауыздықты қоздырды деген блогер әрі белсенді Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбайдың сотталуына наразылығын білдірді.

Айта кетсек, кеше Алматы қалалық соты аталған азаматтарға қатысты аппеляциялық арызды қарап, Марғұлан Боранбайды 5,2 жылға, Данат Намазбайды жыл мерзімге бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Оларға ұлттық алауыздықты қоздырды, билікті күшпен басып алуға үгіттеді деген айып тағылған.

Адвокат Айман Омарова қазақ патриоттарына келгенде сот, прокуратура қатаң үкім шығарып, ал қазақтың ар-намысына тиген өзге ұлт өкілдері кешірім сұраумен құтылып кететінін алға тартады.

Мен ұлтшылдықты жақтамаймын, бірақ ұлттық алауыздықты қоздырды деген бұл азаматтар көрші Ресейдің басқыншылық саясатына наразылық танытқандар. Олар «ватниктерге» қарсы шықты, ватник дегеніміз белгілі бір ұлт емес, ол Ресейдің басқыншылық саясатын қолдайтындар. Сондықтан бұл жерде ешқандай ұлтараздық жоқ,-дейді Омарова.

Адвокаттың айтуынша, даудың басы Аружан Саин басқаратын «Дом» қорында заңгер болып жұмыс істейтін Юрий Юриннің Facebook-тегі жазбасынан басталған. Өз жазбасында  ол 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқанын және алаңдағы наразылық білдірушілерді сопер күрегімен қуалап жүріп ұрғанын жазған. Кейін жазбасын өшіріп, жазғанын мойындамаған.

Қылмыстық істе Юрин 1986 жылы Ауғанстанда госпиталде жатты, сондықтан олай істеуі мүмкін емес деген анықтама бар екен. Ондай анықтамаға кім сенеді? Дегенмен істің бәрі осы  постан басталды. Марғұлан Боранбай және өзге азаматтар наразылық танытты. Осыдан кейін Юриннің Аружан Саин қорында жұмыс істейтіні белгілі болды,-дейді  Айман Омарова.

Сонымен қатар ол балалар омбудсмені Аружан Саин үнемі қазақтармен тарытсып, соттасып жүретінін алға тартты.

Адвокат елімізде тәртіп орнататын уақыт жеткенін, екі ел арасына сызат түседі деп бас көтерген патриоттарды қамай беруге болмайтынын айтады. 


 

Өзгелердің жаңалығы