Вашингтонда түркі елдерінің фестивалі өтті

18 Қазан 2023, 10:28
387
Бөлісу:
Вашингтонда түркі елдерінің фестивалі өтті

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында Түркі елдерінің фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиналаған қауымға қазақ, түрік, әзербайжан және өзбек халқының өнері мен мәдениеті кеңінен таныстырылды. Ұйымдастырушылар биылғы фестивалді 20 мыңнан астам адам келіп тамашалады дейді. 

Шараға жыл сайын Америкада тұратын қазақтар мен отбасы мүшелері де белсенді қатысады. Мәселен, қазақ келіні америкалық Лена Нилас жиналаған көпшілікке "Қамажай" билеп, ұлттық мәдениетімізді паш етті. Ленаның айтуынша оның мақсаты жергілікті халыққа қазақ халқының бай өнерін таныстыру.

Мен Қазақстанға саяхаттап барғым келеді. Өзім көріп, жақынырақ таныссам деймін. Қазақтың салт-дәстүрлерін аздап білемін, өйткені күйеуім үнемі айтып отырады, - деді фестивальге қатысушы Лена Бауыржан Нилас.

Өзгелердің жаңалығы