Вашингтонда коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жарияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтонда коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты соң төтенше жағдай жарияланды.</h4>

 1 Наурыз 2020 2020, 18:18
1 Наурыз 2020 2020, 18:18
2130

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтонда коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты соң төтенше жағдай жарияланды.

Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли аймақта коронавирустың тарауына және АҚШ-та алғашқы өлім тіркелгеннен кейін төтенше жағдай режимін жариялады.

Мемлекеттік органдарға  COVID-19 вирусының тарамауы үшін барлық жағдай жасау тапсырылды.

Бұдан бөлек штат билігі Ұлттық гвардияны да  күреске қосуы мүмкін. 

Президент Дональд Трамп АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған адам 60 жасқа жақындаған және "ол медициналық тәуекелі жоғары науқас" болғанын хабарлаған болатын.
Наверх