Вашингтонда Қазақстандағы ядролық сынақ полигоны жабылуына арналған вебинар өттi

11 Қыркүйек 2021, 14:03
15461
Бөлісу:
Вашингтонда Қазақстандағы ядролық сынақ полигоны жабылуына арналған вебинар өттi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Қару-жарақты бақылау қауымдастығымен және Олбани университетінің қоғаммен байланыс және саясат жөніндегі Рокфеллер колледжімен бірлесіп Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай вебинарды ұйымдастырды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның елшісі Ержан Ашықбаев өз сөзінде «Невада– Семипалатинск» антиядролық қозғалысына қатысушылардың еркі мен жігерінің және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Назарбаевтың берік шешімінің арқасында Семей сынақ полигонының жабылуы бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың мораторийіне алып келген тізбекті реакцияны тудырғанын атап өтті.

Елші Қазақстан ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу үшін және таратпау режимін нығайту ісіне барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Іс-шарада Олбани университетінің саяси зерттеулер орталығының Аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының бұрынғы төрағасы Мэри-Винн Эшфорд, Қару-жарақты бақылау қауымдастығының Атқарушы директоры Дэрил Кимбалл, Гарвард университеті Белфер орталығының «атомды басқару» жобасының Атқарушы директоры Франческа Джиованини сөз сөйледі.

Вебинардың сарапшылары Қазақстан халқы мен басшылығының халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ядролық сынақтарға жаһандық мораторийдің сақталуына үміт білдірді.

Өзгелердің жаңалығы