Вашингтонда атыс кезінде 1 бала көз жұмды

20 Маусым 2022, 21:34
1500
Бөлісу:
Вашингтонда атыс  кезінде 1 бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ астанасы Вашингтонда болған атыс салдарынан кәмелет жасқа толмаған бір бала қаза тауып, үш ересек адам, оның ішінде полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News арнасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, атыс қаланың солтүстік-батысындағы 14-ші және U көшелерінің қиылысында, дүкендер, мейрамханалар мен барларға көп ауданда болған. Бұл жерде Құлдықты жою күніне арналған тегін концерт өтті. Полицейлер қоғамдық тәртіп бұзылғандықтан оны тоқтатуға мәжбүр болды.

Біріншісі жаппай төбелеске қатысушыларды таратумен байланысты болса, кейін халық арасында кептеліс салдарынан азаматтар зардап шекті. Оқиға салдарынан 15 жасар жасөспірім қаза тауып, үш ересек адам, оның ішінде бір полицей оқтан жарақат алды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Атысқа жауапты адам ұсталған жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы