Валюта бағамына қатысты сарапшылар не дейді?

24 Ақпан 2022, 13:18
1447
Бөлісу:
Валюта бағамына қатысты сарапшылар не дейді?

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Экономист Мақсат Халық Ресейдегі жағдай ұшығатын болса теңгеге де қысым артатынын айтады.

 

Қазір долар бағасының күрт көтерілгенін көріп отырмыз. Бұның негізгі себебі Ресей мен Украина арасында болып жатқан әскери қақтығыс. Ресей рублінің курсы 85-ке дейін құлдырады, осы себепті теңгенің де түскенін көріп отырмыз. 1 рубль 5.7 теңге болса, қазір ол 4.8 болып тұр, – дейді сарапшы.

 

Сонымен қатар ол Ресейге тағы санкция салынып, жағдай күрделене берсе олардың валютасы әлі де құнсызданатынын, оған қоса теңге де құлдырайтынын жеткізді.

Сөз жоқ, ол теңгені де өз артына тартады. Бүгін Ұлттық Банк базалық позициялық лимитті 13.5%-ға дейін көтеріпті. Бұл теңгеге кішкене қуат беруі мүмкін. Кеше 33 млн доллар көлемінде интервенция жасап көрді. Бірақ олда теңгенің құнды болуына әсер етіп жатқан жоқ. Ол шөл далаға тамызған сумен тең. Қазір ақша айырбастау орындары долларды сатпай отыр. Олар доллар әді де өсуі мүмкін деген негізде осылай жасауда. Бұл қашанға дейін жалғасары белгісіз. Жағдай ушыға түссе теңгеге де қысым көбейеді, – дейді экономист.

Айта кетсек, бүгін доллар бағасы күрт өсті. Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты ірі қалалардағы ақша айырбастау орындарында доллар 464, 465 теңгеден саудаланып жатыр. Кейбір ақша айырбастау орындары доллардың әлі де өсуін күткендей долларды сатпай отыр.

Өзгелердің жаңалығы