Вакцина өндірісі: Қазақстан өңірлік хабқа айналуы мүмкін

Кездесу қорытындысында тараптар жобаны бірлесіп іске асыруды жалғастыруға және агробиотехнология саласына инвестиция тартуды күшейтуге уағдаласты.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
150
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов француздың Boehringer Ingelheim компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ «QazBioPharm» және «Kazakh Invest» ұлттық компанияларының өкілдері қатысты.

Тараптар аусылға қарсы ветеринарлық вакциналарды өндіру бойынша инвестициялық жобаның қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңдерін талқылады. Ынтымақтастықтың алғашқы жылы сәтті аяқталып, енді технологиялар мен құзыреттерді кезең-кезеңімен беру көзделген жаңа кезеңге өту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ғылыми-өндірістік серіктестікті дамыту, өндірісті жергіліктендіру және Қазақстан базасында вакцина шығарып, оны көрші елдерге экспорттау мәселелері қаралды. Бұл бағытта ел аумағында өңірлік хаб құру басымдық ретінде белгіленді.

Компания өкілдері Қазақстанмен ұзақ мерзімді әріптестікті жалғастыруға мүдделі екенін білдіріп, елдің өздерінің жаһандық операцияларындағы маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаны бірлесіп іске асыруды жалғастыруға және агробиотехнология саласына инвестиция тартуды күшейтуге уағдаласты.

Наверх