Вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыра ма?

14 Маусым 2021, 10:36
2146
Бөлісу:
Вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыра ма?

Алматы, BAQ.KZ. №12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиева аурудан кейін антиденелердің алты ай бойы сақталатынын айтты. Вакцина алмай тұрып алдымен ағзада антиденелердің болуына ИФТ-тест тапсыруыңыз керек. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет.

Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса, вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес және антиденелердің жойылу жылдамдығы әртүрлі екенін түсіну керек, – деді Д. Укиева.

Эпидемиолог вакцинаның қалай өтетінін түсіндірді: азамат екпе пунктіне келеді, келісімге қол қояды, терапевт дәрігерден медициналық тексеруден өтеді және осыдан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасын алады. Содан кейін бейдж беріліп, күту аймағына жіберіледі, онда отыз минут мамандардың бақылауында болады. Вакцинадан кейін науқастардың денсаулығы сұралады.

Данара Укиеваның айтуынша, вакцинаны 18 жасқа дейінгі адамдар, жүкті әйелдер, емізетін әйелдер, сондай-ақ аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқалар алуға тиіс.

Еске салсақ, Алматыда қала тұрғындарының вакцина алу науқаны жүріп жатыр. Алматылықтарға ыңғайлы болу үшін қалада 211 екпе пункті жұмыс істейді. Олар емхана, сауда орталықтары, базар, мектеп, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы