Вакцинаның бір компонентін Алматыда, екіншісін Нұр-Сұлтан қаласында салдыруға бола ма?

15 Сәуір 2021, 14:19
1741
Бөлісу:
Вакцинаның бір компонентін Алматыда, екіншісін Нұр-Сұлтан қаласында салдыруға бола ма?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. №4 Алматы қалалық емханасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Гүлжан Картаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың өзекті мәселелері туралы баяндады.

Брифинг барысында оған вакцинаның бір компонентін Алматыда, екіншісін Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен салдыруға бола ма деген сауал қойылды.

Егер адам бірінші компонентін Алматыда салдырса, екіншісінде сол жерде ғана салдыра алады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында вакцинаның екінші компонентін салдыра алмайды, - деді ол.

Алматы қаласы бойынша 2021 жылғы ақпан айының 1-нен сәуір айының 15 аралығында барлығы 108 069 адам вакцина алған. Өткен тәулікте – 10 924 адамға вакцина салдырыпты. Оның ішінде 9 985 құқық қорғау органдарының қызметкері, 11 178 – мұғалімдер, 13 951 – медицина қызметкерлері, басқа санаттағылар арасында - созылмалы аурулары бар науқастар мен тіркелген тұрғындар.

Бүгінгі таңда Алматыда 203 пункт жұмыс істейді, онда 1 809 медицина қызметкері бар 406 егу бригадасы жұмыс істейді, дәрігерлерге мед еріктілері көмектеседі. ЖОО мен колледждерде мамандар 91 емхананың егу пункттерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында және қаламыздың базарларында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 364 білім алушы интерндер мен резиденттер жұмыс істеуде. Барлығы 975 адам оқытылды, - деді Г. Картаева.

Сонымен қатар ол алтыншы транш бойынша сәуірдің 13 күні қалаға вакцинаның 65 290 дозасы жеткізілгенін айтты. Қазір вакцинаның қалдығы 68 330 дозаны құрайды. Вакцинаның келесі траншы - 34 900 мың доза сәуірдің 23 күні келеді деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы