Вакцинаға қарсы үндейтін қолдан құрылған топтар бар - профессор

14 Сәуір 2021, 12:45
1495
Бөлісу:
Вакцинаға қарсы үндейтін қолдан құрылған топтар бар - профессор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында вакцинацияға сенімсіздік таныту дұрыс емес екенін айтты.

Профессор халық арасында вакцинаға қарсы үндейтін топтар бар екенін және ондайлар бұрын да болғанын еске салды.

Бұл індетті вакцинасыз жеңе алмаймыз, одан қорқудың қажеті жоқ. Ал вакцинаға сенімсіздік тудырып жүрген топтар қолдан құрылған. Ондай адамдар 1790 жылдары ауру тараған кезде де болған. Қазір де вакцинаға қарсылар бар. Дегенмен көптеген індетті бастан өткізген ел ретінде бұған түсіністікпен қарауымыз керек. Жалпы адамзат соғыстан емес, түрлі инфекциялық аурудан көп өлген. Сондықтан вакцина алудан қорықпауымыз керек, - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстанда бала туғанда бірнеше вакцина салынатынын атап өтті. Бұрын туберкулезге қарсы вакцина бірнеше рет салынып келсе, қазір екі рет қана салынады екен. Ал коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салуға рұқсат берілген.

Қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салып жатыр, келешекте үшіншісін де салуы мүмкін. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шеше жатар. Сондықтан вакцинаға сенімсіздік таныту дұрыс емес. Егер қолымызда одан тиімді дәрі-дәрмек болса, оны қолданар едік, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы