Вакцина салмаған қызметкерлерге айыппұл салына ма?

3 Шілде 2021, 13:30
4332
Бөлісу:
Вакцина салмаған қызметкерлерге айыппұл салына ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 1 шілдеде жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес кейбір адамдарды міндетті вакцинациялауды енгізді, атап айтқанда, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, сондай-ақ  20 адамнан асатын ірі ұжымдардың қызметкерлері 15 шілдеге дейін КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 15 тамызға дейін екінші дозасын салуға міндетті. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев егер адамдар осы уақытқа дейін екпе салмаса, не болатынын айтты, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.
 
Екпе салмаған қызметкерлерге айыппұл салынбайды. Егілмеген қызметкерлерді жұмыс орындарына жіберген кәсіпкерлерге келетін болсақ, оларға ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабы (3-тармағы) бойынша айыппұл салынады.

жеке тұлғаға - бес АЕК мөлшерде,

лауазымды адамдарға - он бес АЕК,

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жүз АЕК,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз АЕК,

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

Егер ЖК-да бір ғана адам болса, оны қалай жазалайды?

Мысалы, егер шаштараз жеке кәсіпкер ашып, өзі үшін жұмыс істесе және өзінен басқа  қызметкерлер болмаса. Ондай кезде оны микро-ЖК ретінде тіркеп, жеке кәсіпкерге жеке тұлға ретінде 5 АЕК - ке айыппұл салынады.

Қызметкердің вакцина алған-алмағандығы қашан тексеріле бастайды

15 шілдеден кейін вакцинаның бірінші компоненті бойынша ішінара тексерулер басталады, ал 15 тамыздан кейін екі компонентпен толық вакцинациялау тұрғысынан жаппай тексерулер басталады, - деді Ержан Байтанаев.

Әкімдіктерден мониторингтік топтар іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы