Вакцинация. Елімізде 4,4 млн адам бірінші екпе алды

13 Шілде 2021, 10:20
3527
Бөлісу:
Вакцинация. Елімізде 4,4 млн адам бірінші екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін вакцина алған қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады.

2021 жылғы 12 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның  1 - ші компонентін  4 486 677 адам,  2 - ші компонентін 2 490 517 адам салдырды.

Соған қарамастан, індетке шалдыққандар саны күн сайын көбейіп келеді. Бүгінгі мәлімет бойынша бір тәулікте коронавирус індетін 3693 адам жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы