Вакцина салдырған елордалықтар арасында екі бөлмелі пәтер ойнату жалғасады

3 Қыркүйек 2021, 15:36
10848
Бөлісу:
Вакцина салдырған елордалықтар арасында екі бөлмелі пәтер ойнату жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Пірімқұлов айтты. Ол елордалықтардың өтініші ескеріліп, вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзартылды деп отыр.

25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады, - деді Желеухан Пірімқұлов.

Оның айтуынша, бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункттері: медициналық мекемелер мен сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінде екпе алғандар қатыса алады.

Бұған қоса, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған қала тұрғындары үшін «Елім үшін егілемін» азаматтық компаниясының логосынан білезіктер тарату акциясы ұйымдастырылды. Акция екпе пунктерінде вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында өткізіледі, - деп атап өтті бас қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына қарсы қандай вакциналар салынып жатқандығы туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы