Вакцина алғандарда кездесетін коронавирустың сипмтомдары белгілі болды

22 Маусым 2021, 18:55
2381
Бөлісу:
Вакцина алғандарда кездесетін коронавирустың сипмтомдары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық сарапшылар вакцина алған адамдарда ғана кездесетін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың белгілерін анықтады, деп жазды centralasia.media.

Вакцина коронавирус инфекциясынан айтарлықтай қорғайды. Екпе қабылдаған адамдар оны жұқтырып алған жағдайда ауру жеңіл өтеді және өзгелерге жұқтыру қаупі төмен болады. Дегенмен вакцинациядан кейін де коронавирусты жұқтыру ықтималдығы бар.

ZOE COVID Symptom Study ауқымды зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, вакцина алған адамдар арасында коронавирустың симтомдары жиі түшкіру арқылы білінеді. Вакцина алғанына қарамастан, вирус жұқтырушыларда аурудың белгілері ең жиі орын алған белгілері осындай болған.

Өзгелердің жаңалығы