Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының санитарлық-карантиндік пункттін, шекаралық бақылау және басқа да қызметтерінің жұмысын тексерді.
Делегация жолаушылардың әуелайнерден түсуі, контактісіз термометрия жүргізуі және сауалнама жүргізуден бастап, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтамалы жоқ азаматтарды карантиндік стационарға орналастыру үшін автобустарға отырғызумен аяқталатын халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың қозғалыс маршрутымен толық танысты.
2020 жылғы 14-15 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына бортында 533 жолаушысы бар 5 ұшақ қонды, келген азаматтардың 118-де COVID-19-ға ПТР талдаудың теріс нәтижесі туралы анықтамалары болмаған. Олардың барлығы ПТР-талдау тапсыру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылды.
Елордалық әуежайын тексеру қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары авиажолаушылардың бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау керектігін, ал қадағалаушы органдарға санитарлық қызметтердің нұсқамаларын орындау мен бақылауды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен бірге, вице-премьер бірлесе жұмылғанда ғана COVID-19 пандемиясының таралуын түпкілікті тоқтатуға болтындығын айтты.