V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

1 Қазан 2022, 00:10
1247
Бөлісу:
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жуырда ғана Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып тағайындалған Исламбек Салжанов Түркияға арнайы барып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ұлттық спорт қауымдастығында жұмысымыз басталғалы бері бұл мәселені қолға алып, қауымдастық президенті ретінде Түркияға барып, құрамаға жақын болып, қолдауды өзім үшін абырой санаймын. Ел намысын бұл додада 50-ге жуық спортшымыз қорғайды. Олар қазақша күрес, көкпар, көк бөрі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату бойынша жарыстарда шеберлігін сынайды. Жалпы, байрақты бәсекеге 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Дүбірлі доданың көшпенділер рухын жаңғырту , түркі әлемінің құндылықтары жаһанға паш ету мен еларалық байланысты нығайтудағы орыны ерекше. Сондықтан, біз келесі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс жасадық. Түркі әлемінің бар қоғамдастығы бұны қолдайды деп ойлаймын, - деп жазды Салжанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бастаған қазақстандық құрама на қатысып, спортшыларға қолдау білдіруде.

Өзгелердің жаңалығы