Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан медиа орталықта V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бұрышы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл шағын көрмеде шетелдік журналистер мен басқа да қонақтар қыркүйекте елордада өтетін ауқымда іс-шара жайлы мағлұмат таныстырылды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның мәліметінше, шетелден келген қонақтарға ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымы дайындалған.
Сондай-ақ ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда ойындардың ресми промороликтері орналастырылған. Оған қоса дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға ойындар туралы ақпаратты таныстырып, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында БАҚ өкілдеріне арнайы сұқбаттар легін ұйымдастырып жатыр.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы 5 шілдеде Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистерге ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы жиын өткізеді.
8-13 қыркүйекте Астанада этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін еске сала кетейік. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланып отыр. Ойындарға барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.