Ұзынағаштағы атыс. 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды

5 Тамыз 2022, 11:16
1376
Бөлісу:
Ұзынағаштағы атыс. 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деді
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінде.

Іздестіру іс-шаралары барысында "Ұстап алу" жоспары жарияланды және өңірдегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы