"Үздік педагог": 700-ге жуық педагог 12 жылда мемлекеттен ақшалай сыйақы алды

2 Қазан 2024, 20:14
343
Бөлісу:
"Үздік педагог": 700-ге жуық педагог 12 жылда мемлекеттен ақшалай сыйақы алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда педагогтердің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалау дәстүрлі шараға айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2012 жылдан бастап «Үздік педагог» республикалық байқауының аясында еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіби қызметінде жоғары көрсеткіштерге жеткен ұстаздар мемлекет тарапынан марапатталып келеді. Оның 12 жылдық тарихында 700-ге жуық қазақстандық педагог жеңімпаз атанды.

Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған. Оның ішінде ұстаз педагогикалық қауымдастықта табысты сынақтан өткен әдістемелері, сондай-ақ оқушыларының жетістіктері арқылы бағаланады.

Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісі және 1000 АЭК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.

Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. «Үздік педагог» атағын иеленушінің әрқайсысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді.

Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.

Биылығы жылы «Үздік педагог» республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды.

Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады.

Қатысу үшін өтінім 5 қазанға дейін қабылданады.

Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы