«Үздік отбасы» байқауына 100-ден астам өтініш түскен

6 Қазан 2020, 20:54
2386
Бөлісу:
«Үздік отбасы» байқауына 100-ден астам өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ең үздік отбасы» байқауының келесі кезеңіне 82 қатысушы жолдама алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Біз жарыстың тапсырмаларын кезең-кезеңімен беріп отырамыз. Бұл кезеңде еріктілер жылына байланысты, әр отбасыға игілікті іс жасау, көмек қолын созу, қайырымдылық жасау секілді тапсырмалар берілді. Волонтерлықтың жеті бағыты бар, соның бірін әр отбасы өзі таңдайды: үй шаруасына көмектесу, балаларды оқыту немесе т.б. қызметтер атқарады, – дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы кезеңнен өткен 30 отбасы келесі кезеңге жолдама алады.

Байқау барлық санитария нормаларын сақтап өткізіліп жатыр. Себебі барлық қатысушы бір ғимаратқа жиналмайды, тапсырма тек онлайн беріледі.

Әлеуметтік жобаның жалпы жүлде қоры – 1 800 000 теңге. Алайда жүлдегерлерге сертификаттар табысталып, сол сертификатпен әр отбасы өз шаңырағына қажетті тұрмыстық техника сатып ала алады.

Тағы айта кететін мәселе, биылғы жарыстың жүлде қоры былтырғымен салыстырғанда анағұрлым көп. Себебі жас отбасыларға отбасы құндылығын насихаттау, оларға қолдау көрсету – мемлекет саясатының басты мақсаты, – деп атап өтті Бақытжан Жүнісбеков.

Естеріңізге салай кетейік, байқау жеңімпазы 500 000 теңге жеңіп алса, екінші орын үшін – 350 000 теңге, үшінші орын үшін – 250 000 теңгелік сертификатқа ие болады. Сондай-ақ финалға шыққан 7 отбасыға ынталандыру ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Өзгелердің жаңалығы