Үздік офицер анықталды

24 Мамыр 2021, 10:30
3222
Бөлісу:
Үздік офицер анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдері өкілдері арасында «Тактикалық деңгей штабының үздік офицері» байқауы өтті.

Үздік офицер анықталды

Офицерлер өздерінің дене дайындығының деңгейін, жалпы әскери жарғылар мен әскери топографияны білуі керек еді. Сонымен қатар, қатысушылар байланыс құралдарын пайдалану, тактикалық, жұмылдыру және арнайы дайындық бойынша сынақтар тапсырды.

Жарыс офицерлердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Тұрақты жаттығулар мен штабтық дайындықтың арқасында штаб офицерлерінің дайындық деңгейі жылдан жылға артып келеді, - дейді подполковник Анвар Буриев, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының аға офцері.

Үздік офицер анықталды

Жарыс қорытындысы бойынша Атырау гарнизонының 41433 әскери бөлімінен капитан Азат Бекбусинов жеңімпаз атанды. Офицерге өңірлік әскерлер қолбасшысының ауыспалы кубогы және дипломы табысталды.

Үздік офицер анықталды

Айта кетсек, штаб – әскерлерді басқаруға арналған және олардың жауынгерлік және күнделікті қызметін реттейтін басты органы болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы