"Ұйықтап емес, ес-түссіз жатқан". Сарапшы Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкеноваға қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Салтанат Нүкенованың әлеуметтік желісінен 9 Сәуір 2024 2024, 15:39
9 Сәуір 2024 2024, 15:39
6910
Фото: Салтанат Нүкенованың әлеуметтік желісінен

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкеноваға қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен ол (еск - Нүкенова) ұйықтап жатты деген ойдан аулақпын. Мұндай жарақаты бар адам ұйықтап жатпайды, есіз-түссіз жатады. Адамның жүрегі тоқтамайынша, зат алмасу процесі жүреді және мұндай кезде қан жиналуы мүмкін. Бас жарақаты болса, ол жеткілікті тыныс ала алмайды. Яғни гипоксия болады. Бұл жерде оның тынысы тарылған, - деді Тахир Халимназаров.

Бұған дейін сарапшы Нүкенованың қалай жарақат алғанын манекен арқылы көрсеткен еді. Сотта Bau қызметкерлерінің әлеуметтік желі арқылы жазған жазбасы оқылды.

Наверх