Қуыршақ театры Алматының барлық аудандарында тегін көрсетілімдер қояды

13 Қыркүйек 2019, 17:39
1792
Бөлісу:
Қуыршақ театры Алматының барлық аудандарында тегін көрсетілімдер қояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күнін мерекелеу аясында 12-19 қыркүйек аралығында Мемлекеттік қуыршақ театры көңілді көрсетілімдер ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"Қаланың барлық сегіз аудандарының көрермендері үшін театр репертуарының үздік спектакльдері және түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығын бейнелейтін арнайы қойылым, «Қуыршақтар шоуы» ұсынылады. Қойылымның авторы мен режиссері - С. Шүкіров, К. Ешмұратова. Тағылымы жоғары көрермен үшін « Арыстанның қорқынышын қалай жазуға болады?» атты интерактивті қойылым көрсетілед", - делінген таратылған ақпаратта. 

Алғашқы «Қуыршақтар шоуы» концерті 12 қыркүйекте Оқушылар Сарайы алдында өтті.

Өзгелердің жаңалығы