Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет - Тоқаев

11 Қараша 2022, 12:16
786
Бөлісу:
Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет - Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алтыншы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен басқа да құрылымдарды жүйелеп, орнықтыратын кез келді деп ойлаймын. Қазір Ұйым хатшылығына жүктелетін жауапкершілік артты. Сондықтан Түркі кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісімінің 13-ші бабындағы Тұрақты өкілдер туралы мәселені қарастыруды ұсынамын,- деді Президент.

 Айтуынша олар өзара іс-қимылыды үйлестіру ісінде маңызды рөл атқарар еді.

Түркі жұртының түрлі саладағы байланысын бекемдейтін бірнеше құрылым бар (яғни, Ұйым Хатшылығы, ТүркПА, Түрксой, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры). Бірақ, кей жағдайда олардың міндеттері қайталанып жатады. Бұл ұйымдарды тиімді пайдалану үшін VII Саммитте құрылған Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет. Комитет бұл құрылымдардың жұмысын дұрыс үйлестіре білсе, олар бірін-бірі толықтыра түсер еді, - дейді Президент.

Өзгелердің жаңалығы