Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

22 Маусым 2022, 17:30
1133
Бөлісу:
Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас әскери прокурордың міндетін атқарушы Д.Ә. Секеновтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі қару мен оқ-дәрілердің сақталуы, сондай-ақ әскери қызметшілерге қатысты зорлық-зомбылықтың және олардың қаза болуының алдын алу мәселелері қаралған Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Кеңеске Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің басшылығы, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму және төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері қатысты.

Д.Ә. Секенов қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерді және оларды шешу үшін толық шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылармен тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімшелер, психологтар және әскери-құқық қорғау органдарына арналған құқық бұзушылықтардың, қаза табу мен жарақаттанудың алдын алу бойынша заманауи ғылыми жобалар мен басқа елдердің тәжірибесін енгізу жолымен ұсынымдар әзірленді.

Әскерге шақыру бойынша қызметтің тартымдылығын арттыру және армияның беделін көтеру бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігі атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы