Үйлерінде той жасаған түркістандықтар анықталды

7 Тамыз 2021, 18:42
3761
Бөлісу:
Үйлерінде той жасаған түркістандықтар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйлерінде той жасаған түркістандықтар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы Атакент кентінің бірнеше тұрғыны карантин талаптарын өрескел бұзып, өз үйінде той-думан өткізген. Бірі 50-ге жуық адамға қыз ұзату тойын жасаса, енді бірі 60-тан астам тұрғынға беташар тойын істеген.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 60 адам жиналып, өткізіліп жатқан бесік тойын анықтады. Және де келесі бір тұрғын өз үйінде 60-қа жуық туыстарын жинап, құдалық тойын өткізіп жатқаны белгілі болды. 

Аталған жайттарға байланысты учаскелік полиция инспекторларымен тойға жиналған қауымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тарқатылды.

Бүгінде белгіленген талапты сақтамай адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды.

Өзгелердің жаңалығы