Ертіс өңірінде «Уылдырық шашу-2023» табиғат қорғау акциясы кезінде 30-ға жуық заңбұзушылық дерегі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
«Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. Заң бұзғандарға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жеке тұлғаларға қатысты 10 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік нысандарына салынатын айыппұл көлемі 30 АЕК, ал орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК-ін құрайды. Сонымен қатар, ірі кәсіпкерлік құрылымдарына 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Биыл уылдырық шашу кезеңінде 27 заңбұзушылық дерегі тіркелді. 640 мың теңгенің айыппұлы салынды. Балық аулау кезінде қолданылған құрал-жабдықтар тәркіленді. Ал жыл басынан беру ережені сақтамағандар бойынша 100 хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері 2 млн 300 мың теңгені құрап отыр. Бүгінгі күнге дейін 76%-ы өңдірілді, - дейді Нұржан Қазтай.
Бүгінгі таңда облыста балық шаруашылығы жүргізілетін 58 су қоймасы бар. Олар жануарлар әлемін пайдаланушыларына бекітілген.
Уылдырық шашу кезінде «Таза су айдындары» акциясы да өткізілді. Шара шеңберінде өзен-суларда қараусыз қалған аулар жиналып, жағажайлар қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде иесіз жатқан үш шақырым су мен үш тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Рейдтік шараларды түнде де жүргіземіз. Себебі, брконьерлер түнгі уақытта жүреді. Балық ұстау бойынша рұқсат етілген құралдар бар. Рұқсат етілмеген құралдар да бар. Мәселен, тексеріс барысында шанышқының көмегімен су маржандарын ауағандар анықталды. Моноталшықтан жасалған қытайлық ауларды пайдалануға рұқсат жоқ. Бұл құралды Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен елімізге кіргізуге болмайды. Десе де, бұл – арзан құрал. Сондықтан, браконьерлер ауларды өзенде тастап кетеді, - дейді Нұржан Қазтай.
Айта кетейік, өткен жылы ұйымдастырылған акция барысында 36 дерек тіркелген. Мамандардың айтуынша, заңбұзушылықтар саны жыл сайын азайып келеді.