Ұйқы кезінде де арықтауға болатынын білесіз бе?

4 Қараша 2020, 03:45
6315
Бөлісу:
Ұйқы кезінде де арықтауға болатынын білесіз бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салмақ тастау оп-оңай шаруа емес екені белгілі. Оның үстіне күн сайын дұрыс тамақтанып, фитнес залдарға баруға уақыт тапшы. Ал, артық салмақ күнделікті жүйкеңізді жұқартып, дене-бітіміңізге қараған сайын көңіліңізді түсіреді. Олай болса сізге ұйқыға көңіл бөлу керек. Ұйқы тыныш болса – көңіл-күйіңіз көтеріңкі, сымбатты адамға айналасыз. Ол үшін не істеу керек? Әрине жоғарыда айтып өткеніміздей фигураны әдемілеу үшін міндетті түрде тағам калориясын азайтып, жаттығулармен шұғылдану маңызды. Дегенмен диетологтар тез әрі оңай салмақ тастаудың тәсілін ойлап тапты. Ұйықтап жатып арықтаудың да жолдары бар екен. 

Протеинге бай коктейль ішіп жатыңыз!

Арықтау үшін кешкі тамақтан бас тартқан дұрыс. Оның орнына ұйқыға жатардан жарты сағат бұрын протеиньге бай коктейль ішкен пайдалы. Ал, ашқарынға жатсаңыз, өте жай арықтайсыз. Зерттеулерге сүйенсек, кешкілік уақытта коктейль ішіп жүргендердің зат алмасу жүйесі жақсы жұмыс істеп, қан қысымы төмендеген. Сол себепті де пайдалы коктейль ішуді әдетке айналдырған дұрыс. 
Жарықты сөндіріп ұйықтаңыз!
Түнгі ұйқы тыныш болу үшін жарықтың бәрін сөндіріңіз. Тіпті, көмескі жарықтың өзі ұйқыны бұзуы мүмкін. Мұндайда ағза түні бойы демалып, ертеңгі күнге дайын бола алмай қалады. Сосын күні бойы ұйқылы-ояу жүресіз. Кімде-кім аз ұйықтаса немесе түнгі ұйқысы бұзылса салмағы түспей, бір орында тұрып қалады. Сондықтан да денсаулығыңызға көңіл бөліп, ұйқыны барынша қандыруға тырысыңыз. Ертеңгі күнге дайындалыңыз! Таңертең апыл-ғұпыл жұмысқа қарай жүгіргіңіз келмесе, кешкі тамақтан кейін ертеңгі күнге дайындалыңыз. Мәселен, таңғы асқа арналған азық-түліктерді дайындап, жұмысқа алып кетуге болатын тіскебасарлар әзірлеңіз. Сөмкеңізге керекті заттарды салып, киіміңізді үтіктеңіз. Міне, осындай кішігірім дайындықтың өзі сіздің қимыл-қозғалыс жасауыңызға көмектеседі. Осылай дайындалып жүргенде қалай шаршағаныңызды байқамай да қаласыз. Нәтижесінде ұйқыңыз тыныш болып, арықтауға аз болса да бір қадам жасаған боп есептелесіз. 
Салқын бөлмеде ұйықтаңыз!

Ғалымдардың соңғы зерттеуі дәлелдегендей бөлме температурасы 19 градус болса,өте жақсы ұйықтайды екен. Оның үстіне дәл осындай уақытта өте пайдалы майлардың көлемі артып, арықтауға септігін тигізеді. Ал, керісінше 23-25 градус жылылықты жақсы көретіндер таңертең маужырап тұруы ғажап емес. Әсіресе жатын бөлменің ауа температурасын салқындатуға тырысыңыз. Егер бөлме салқын болса жылы киім мен шұлық киіп алуға болады. Алайда жылытқыш пеш қосудың қажеті жоқ. Өздеріңіз де білетіндей мұндай пештер ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Уақытылы ұйықтауға тырысыңыз!
Ғалымдардың айтуынша күнделікті бір уақытта ұйқысынан оянатындар басқаларға қарағанда әлдеқайда тез арықтайды екен. Әр күні әруақытта оянатындардың арықтауы қиынға соғады дейді мамандар. Арықтауға тек ұяқының қануы ғана емес, қанша ұйықтағаныңыз бен оянған уақытыңыз да маңызды рөл ойнайды. Көпшілігіміз білетіндей ағзаның толықтай қалпына келуі үшін 8 сағат ұйқы қажет. Ұйқының аз мөлшерде қанбауының өзі зат алмасу жүйесінің жұмысын бұзып, тәбетті ашады. Осылайша денеге артық май жинала бастайды. Міне, енді артық салмақтың қалай жиналатынын білдіңіздер. Ұйқы да семіздіктен арылуға септігін тигізетін ең мықты құрал екенін естен шығармайық!



Өзгелердің жаңалығы