Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

27 Мамыр 2021, 17:34
4256
Бөлісу:
Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Замандас» отбасылық аула клубтары - бақытты балалық шақ аумағы» республикалық онлайн конференциясы өтті. Іс-шара аясында балалар мен отбасыларға арналған үйірмелер, секциялар мен даму орталықтарын ұйымдастырудағы отбасылық тәсілдің мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.

Конференцияның мақсаты - «Замандас» отбасылық аула клубы базасында қазақстандық отбасымен жұмыс істеудің он жылдық тәжірибесін ұсыну. Сонымен қатар кездесу барысында балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, серіктестікті ұйымдастыру, демеушілік және қайырымдылық көмек тарту мәселелері көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көтерген балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен қамтамасыз етуге қатысты тақырып та өзекті болды.

Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

Қазіргі уақытта балалардың бос уақытын өткізу орталықтары нарығында ұқсас үлгі жоқ. Біз демалыс орталықтары нарығында отбасымен жұмыс істеудің жаңа бағытын құрамыз. Әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық және арнайы қызметтер көрсету арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаймыз. Нәтижесінде қоғам халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді, - деп атап өтті «Замандас 21» ҚҚ директоры Ләззат Алшинова.

Конференцияға АҚШ елшілігінің өкілдері, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің спорт мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Кондрат, Rotary Club of Astana мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Г.Мадибаева, Әлеуметтік жобалар акселераторының жетекшісі Л. Бурлаченко қатысты.

Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

«Балалардың мүддесі үшін қозғалыс» - бұл шын мәнінде ең жарқын және маңызды жобалардың бірі, соның арқасында біз ашық, білімқұмар, креативті ұрпақты өсіруге мүмкіндігіміз бар. Біздің қор өзі үшін отбасы институтын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындап берді, онда біз 4 жобаны, оның ішінде «Балалардың мүддесіндегі қозғалыс», «Жас таланттар» және басқа да жобаларды іске асырамыз, - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

Конференция барысында балаларға қосымша білім берудің қолжетімділігін шектейтін факторлар айтылды. Олардың ішінде тұратын ауданының шалғайлығы, спорттық кешендер, аула клубтары сияқты жерлерде қосымша білім беру орталықтарының болмауы, қоғамдық көліктің жетіспеушілігі, ата-аналардың толық жұмыспен қамтылуы, ең бастысы, әлеуметтік осал топтардан шыққан отбасылардың тығыз қоныстануы.

Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, елімізде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды (68,0%), сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды (54,7%) қосымша білім берумен қамтудың төмен деңгейі сақталып отыр.

Бұл сандарды қысқарту үшін Қазақстанда қосымша білім беру мәдениетін дамыту қажет, ал «Замандас» отбасылық аула клубтары жақсы үлгі бола алады.

Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

10 жыл бойы «Замандас» отбасылық аула клубтары балалар мен ата-аналардың микросоциумдағы жасампаздық іс-әрекетке іс жүзінде қатысуы негізінде отбасылар дамып, қолдау алатын орынға айналды. Бүгінде бұл 2 500-ден астам бала қатысатын 5 клуб. Клубтарда 20-дан астам секциялар мен үйірмелер бар, соның ішінде футбол, хоккей, арт-терапия, вокал, актерлік шеберлік және басқалар.

2018 жылы жоба бүкіл әлемнің 100 жобасының үздік ондығына кірді. Байқауды Вашингтонда Global ties USA ұлттық ұйымы өткізді. Жоба әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында тиімді және табысты жобалардың бірі ретінде бағаланды.

Үйірме, секция: Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек?

Клубтардың жұмысын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдайды. Конференцияның серіктестері «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ, «Келешек» психологиялық орталығы ЖШС, «ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ және т. б. болды.

Өзгелердің жаңалығы