Үйінен кетіп, жалдамалы пәтерден табылатын жасөспірімдер көбейді

20 Сәуір 2021, 17:34
2164
Бөлісу:
Үйінен кетіп, жалдамалы пәтерден табылатын жасөспірімдер көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде үйінен кетіп қалған 2004 жылғы қыз жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

18 сәуір күні Ақтөбе қалалық ПБ №3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2004 жылғы кәмелетке толмаған қызының үйіне қайтпағаны туралы анасы арызданған.

Анасының айтуынша, кеше кешке қызы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Іздестіру іс-шараларына Ақтөбе қаласы ПБ қызметкерлері, полицияның кешенді күштері және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Өтініш түскен сәттен бастап іргелес аумақтар, орман алқаптары, қараусыз қалған құрылыс обьектілері тексерілді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде келесі күні таңертең кәмелетке толмаған баланың қайда екені анықталды. 17 жастағы қыздың достарымен бірге жалдамалы пәтерде болғандығы белгілі болды.

Бала үйінен бірінші рет кеткен кезінде ата-аналардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті маңызды, бастапқы кезеңде ол отбасыдағы жағдайды түзете алады, қарым-қатынасты қалпына келтіре алады. Көбінесе үйден кетудің себебі - баланың қажеттіліктерін елемеу болып табылады. Соның негізінде ата-аналармен өзара түсініспеушіліктің пайда болуы себеп болып отыр. Осы кезеңде отбасының психологиялық жағдайы бала үшін өте маңызды. Ата-аналармен қарым-қатынаста болған өзгеріс тез байқалады, - дейді Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Арыстановтың айтуынша, уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласу керек. Жоғалған қыздың ата-анасы полицияға түнгі сағат бірде хабарласқан, ал ол уақытқа дейін өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізген.

Өзгелердің жаңалығы