Өскеменде кәсіпорын аумағында жарылыс болды

Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда.

 Скриншот 5 Мамыр 2026, 08:58
5 Мамыр 2026, 08:58
689
Фото: Скриншот

Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Өскемен қаласындағы ЖШС-тердің бірінің аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, шаң ұстау цехындағы құрылғыда газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін жану мен ішінара опырылу орын алған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері жедел жетіп, құтқару және барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталуда. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх