Үкімет кулуарында Марат Ахметжанов отбасылық жанжал шығарған азаматтардың нақты қандай жаза күтетін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрге осы мәселені ұсындым. Әкімдіктер өз аймақтарына қандай жұмыс орындарының керек екенін көрсетуі керек. Біздің ұсынысымыз бойынша, тәртіп бұзғандар көше тазалауға тартылады. Оның мерзімін, қандай кезеңдерден тұратыны туралы Әділет министрі заңнама әзірлеп жатыр. Сонда қандай әкімшілік жаза көзделгенін және қанша күн екені нақтыланады, - деді ведомства басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі отбасылық жанжал шығарушылар қоғамдық жұмысқа тартылу қарастырылып отырғанын айтқан еді.
Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен де тағайындауға рұқсат етілді. Осының аясында «ескерту» сияқты жазаны «қоғамдық жұмыстарға» ауыстыруды ұсынамыз. Бұл құқық бұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация болады деп санаймыз. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр. Әкімдер өз кезегінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін анықтап, жұмыс орындарын дайындау қажет, - деді министр.