Ұйғыр ауданының атауы қашан өзгереді?

14 Маусым 2023, 16:23
1024
Бөлісу:
Ұйғыр ауданының атауы қашан өзгереді?
Фото: ОКҚ

Бұл сауалға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері өңір басшысына «Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауы көптен бері сөз болып келе жатыр. Қоғам белсенділері мен аудан ақсақалдары Ақордаға хат жолдады. Бұл мәселе қашан шешіледі?» деген сауал жолдаған болатын.

Аудан не болмаса ауылдың атауын өзгертудің бекітілген тәртібі бар. Ол ономастикалық комиссия арқылы жүргізіледі. Жоғарыдан берілетін бұйрықтың немесе шешімнің қажеті жоқ. Ол тек ономастикалық комиссияның құзіретінде. Біз өз тарапымыздан этносаралық келісімді нығайту үшін Ұйғыр ауданының әлеуметтік жағдайына, экономикасына, мәдениеті мен білім беру, денсаулық сақтау салаларына көңіл бөліп жатырмыз. Екі ұлттың арасында келіспейтін мәселе жоқ. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты. Ал біз өз тарапымыздан ауданның келбетін өзгеру жолында жоспарлы жұмыс істеп жатырмыз, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өзгелердің жаңалығы