Үйдің бағасы қалай өзгерді?

8 Желтоқсан 2022, 17:19
2438
Бөлісу:
Үйдің бағасы қалай өзгерді?

Бір жылда (2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы қарашада 48,6% артты.

Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе – 30,3%, Семей – 26,9%, Ақтау – 25% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді – Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығындағы жоғары қымбаттау Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%).

Бір айдың ішінде (2022 жылғы қараша 2022 жылғы қазанға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 1%,  жаңа тұрғын үйді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 2,4% төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы