"Ұят жағдай". ІІМ қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция басшысы жайлы айтты

16 Қараша 2023, 12:57
1372
Бөлісу:
"Ұят жағдай". ІІМ қыз зорлады деп күдікке ілінген полиция басшысы жайлы айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қыз зорлады деп күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының басшысының ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қожаев бұл жайт бойынша тексеріс жүргізілгенін атап өтті.

Кеше Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты шешім жарияланды. Бұл оқиға бойынша ұят жағдай анықталды. Оны мойындау керек. Күдікті полицейдің ойында не жүргенін біле алмаймыз. Осыған дейін тексерістен талай өткен болатын, яғни біраздан бері қызметте жүрген адам. Бірақ осындай теріс әрекеті анықталып жатыр. Оның жауапкершілігі тергеу амалдары мен сот шешімі нәтижесінде анықталады, - деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы