Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

31 Қаңтар 2022, 22:51
1466
Бөлісу:
Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын гаджеттерге алаяқтық шабуылдар орын алуда. Қаскүнемдер пайдаланушылардың есептік деректерін ұрлау үшін зиянды трояндық вирустарды таратады. Алаяқтардың мақсаты – сіздің смартфоныңызға және шоттарыңызға қашықтан қолжетімділік алу. Алаяқтардан сақтанудың қарапайым жолдарын fingramota.kz сайты айтып береді.

Гаджетіңізді кибершабуылдардан сақтап қалу үшін антивирусты пайдаланыңыздар. Банк қосымшаларының құпиясөздері мен кіру кодтарын телефонда сақтамаңыздар, фишингтік сілтемелер бойынша өтпеңіздер.

Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

Бұғаттауды пайдаланыңыз.Телефонның теңшеулерінде экранның автоматты бұғатталуын қосыңыз, саусақ ізінің немесе Face ID көмегі арқылы биометрикалық құпиясөзді қолданыңыз.

Қадағалау теңшеуін орнатыңыз. Құрылғының орналасқан орнын қашықтан қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланыңыз. Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сіз өзіңіздің гаджетіңіздің қай жерде екенін қадағалап, оған қосылып, өзіңіздің барлық деректеріңізді өшіре аласыз.

Резервтік көшірмелер жасаңыз. Міндетті түрде деректеріңіздің резервтік көшірмелерін жасаңыз. Бұл опция теңшеу конфигурациясын, барлық қосымшаларды және жеке ақпаратты сақтау үшін ойлап табылған. Берілген функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және оларды жаңа құрылғыға көшіруге көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы