Үй жануарларының түнгі қауіпсіздігі басты назарда

4 Қазан 2022, 22:18
2192
Бөлісу:
Үй жануарларының түнгі қауіпсіздігі басты назарда

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары малдарын қадағалаусыз қалдыруды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Үй жануарлары  көшелерді  еркін кезіп, одан  кейін түгелдей  жолдың жүріс бөлігіне шығуда,  салдарынан апатты жағдайлар  туындауда.

Мәселен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар  көлік жолында  жылқы малы  түнгі сағат 01:50-де 38 жастағы жүргізуші басқарған «CHEVROLET NEXIA» көлігіне соғылған. Орын алған оқиға салдарынан жүргізушінің қасында болған  38 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. 

Өкінішке орай,  мұндай  деректер жиі орын алуда. Полиция қызметкерлері шаруаларға малды арнайы бөлінген жерлерде және тұрақты бақылауда бағу қажеттігін  ескертеді. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес, жануарларды жаю ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген дәл сол әрекеттерге қатысты   10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл  қарастырылған. 

Жамбыл облысының ПД  патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілдерімен бірлесіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарымен жарық шағылыстырғыш элементтерді түнгі мезгілде қолданудың маңыздылығы туралы профилактикалық жұмыстар жүргізуде. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, үй жануарларының  қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі үлесі түнгі мезгілде болады,  жүргізуші  жол жиегіне кенеттен шығып кеткен жануарды  байқамай қалуы салдарынан   осындай дерек  орын алуда . Жарық шағылыстырғыш  элементтерді пайдалану жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы