Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
"2019 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 1,2%-дан, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды", - делінген хабарламада.Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.