Үй алғысы келетіндер бүгіннен бастап құжат тапсыра алады

Бүгін “Наурыз” бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 09:45
Бүгiн 2026, 09:45
489
Фото: pixabay.com

Бүгін “Наурыз” бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі 10 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасады.

“Наурызға” кім қатыса алады?

  • Отбасы банкінің барлық салымшысы
  • Депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер
  • Соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар

Өтінім беру тәсілі:

  • Барлығы онлайн өтеді - Baspana Market арқылы
  • Жеке кабинетке кіріп, өтінім беріңіз және нәтижені күтіңіз

Несие шарттары қандай?

Бастапқы жарна:
- Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін - 10%-дан бастап
- Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін - 20%-дан бастап

Сыйақы мөлшерлемесі:

7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) - әлеуметтік осал топтарға
9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) - барлық қатысушыларға

Ең жоғары сома:

30 млн теңге - өңірлерде
36 млн теңге - Астана мен Алматыда

Мерзімі: 19 жылға дейін

Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?

Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер - Астана, Алматы және облыс орталықтарында.

Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер - моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.

Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдайсыз.

Наверх