Утильалымның азық-түлік бағасына әсері бар ма?

24 Ақпан 2022, 12:06
1406
Бөлісу:
Утильалымның азық-түлік бағасына әсері бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев хабарлады. 

Оның айтуынша, утилизациялық алымның азық-түлік бағасына әсері жоқ. 

Кейбір қоғам белсенділері утильалым азық-түлік қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізіп отыр деп айтуда. Бұл да шындыққа жанаспайтын ұғым деп ойлаймыз. Өйткені осындай ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыттардың отандық болуы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Бұл – бір ғана мәселе. Шетелдік зауыттар осында келген соң елдің түпкір-түпкірінде қызмет көрсету орталықтарын ашып отыр. Егер бұрын біздің елімізде өндірісі болмаған кезде техниканың қосалқы бөлшегі бұзылса немесе қажет болғанда оны күтуге тура келетін. Өйткені, ол басқа елден келеді. Ал қызмет көрсету орталықтары ашылғаннан кейін бұл мәселе жеңілдеді. Бұл азық-түліктік қауіпсіздігіне оң әсер етті, - деді вице-министр. 

Сондай-ақ ол пандемия кезінде жедел жәрдем көлігіне сұраныс туындағанда отандық зауыттардың қалай жұмыс істегенін алға тартты. 

Пандемия басталғанда елімізге 1 мыңнан астам жедел жәрдем көлігіне қажет болғанда отандық зауыттар 2 айдың ішінде оны құрастырып шығарды. Логистика, бәрі тоқтап қалғанда өзіміздің өндірісіміз қауіпсіздікті қамтамасыз ете білді, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр утильалымның ауыл шаруашылығы техникасының бағасына әсері туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы