Утиль алымға қатысты соңғы шешімді министр қабылдайды - Шыңғыс Сүйінбаев

15 Шілде 2024, 15:30
1375
Бөлісу:
Утиль алымға қатысты соңғы шешімді министр қабылдайды - Шыңғыс Сүйінбаев
Фото: автордан

Алматыда утиль алымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаевтың айтуынша, отандық көліктерді алуға жеңілдіктер қарастырылған.

Заңнаманың 90-6-бабына сәйкес, утиль алымға қатысты соңғы нақты шешімді көлік министрі айтады. Өздеріңіз көргендей, қоғам, халықпен ашық өткізілген талқылауда біздің ұсынысымыз – петицияны қолдамау. Не себепті деген сұраққа келсек, ескі көліктерді кіргізіп, утиль алымды алып тастайық деген тілектері болды. Дегенмен біздің автопарктерімізде автокөліктердің ескіріп, тозып кеткенін атап өткен едік, - дейді Шыңғыс Сүйінбаев.

Қазақстандықтардың 49%-ы 20 жылдан асқан, ескі автокөлік мінеді. Ал еліміздегі жаңа көлік үлесі 6%.

Отандық өндіріс шығарған көліктерге жеңілдік қарастырылып жатыр. Сайттарына кіріп қарап көруге болады. Өздеріңіз білетіндей, 4%-ға көлікті алу бағдарламасын енгізген едік, алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл жерде көпбалалы, әлеуметтік осал таптағы адамдарға басымдық беріледі. Қазіргі таңда халықтың көпшілігі көлікпен емес, автобуспен жүретіндіктен, автобустар сатып алуға осы жеңілдіктерді бөлдік. Алдағы уақытта отандық көліктерді сатып алуға арналған бағдарламалар жүзеге асырылады, - дейді ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев.

Өзгелердің жаңалығы