Утиль алымға қарсы петиция қанағаттандырылмайды - министрлік өкілі

15 Шілде 2024, 16:29
2195
Бөлісу:
Утиль алымға қарсы петиция қанағаттандырылмайды - министрлік өкілі
Фото: автордан

Утиль алымға қарсы петицияны талқылау қорытындысы бойынша Әділбек Бектібаев петицияның қабылданбайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының айтуынша, соңғы шешім Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-6-бабында белгіленген тәртіппен қабылданады.

Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ шешім жобасын талқылау барысында қосымша негіздеме ұсынылмағанын ескере отырып, петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылады. Түпкілікті шешім Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-6-бабында белгіленген тәртіппен қабылданатын болады, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев.

Өзгелердің жаңалығы