Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ресейдегі утиль алымның қымбаттауы қазақстандық нарыққа қалдай әсер ететіндігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр Ресейде утиль алым бағасының көтерілуі елдегі ескі көліктердің «тұрып қалуына» әсер етуі мүмкін дейді.
Бізде бағаны қымбаттату деген мәселе тұрған жоқ. Менің ойымша, әсер етпейді. Біздің көршілер утиль алымға қатысты қабылдап жатқан шешімдерін айтқым келеді. Олар оны алып тастамақ түгілі, құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан да утиль алымды енгізейін деп жатыр. Бұл жерде Қазақстан утиль алым бағасы бойынша көрші елдердің бәрінен артта қалып қойды деп айтуға болады, - дейді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен үйлердің құрылыс жұмыстары қашан аяқталатыны туралы да айтты. Министр биыл еңбек демалысына шықпайтынын да айтты.