Үстірт табиғи қорығында теңбілбарыс фототұзаққа түсті

23 Қараша 2020, 19:38
2124
Бөлісу:
Үстірт табиғи қорығында теңбілбарыс фототұзаққа түсті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жануарлар әлемінде Қазақстанға сирек келетіндерінің бірі теңбілбарыс Үстірт табиғи қорығында фототұзаққа түсіп қалды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үстірт табиғи қорығында фототұзаққа түскен Алдыңғы Азия алабарысының суретімен бөлісті. 


Үстірт табиғи қорығында алабарыс (леопард) фототұзаққа түсіп қалды. Алдыңғы Азия леопарды қорық аумағына көрші Түркіменстаннан келген сияқты, - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында. 

Министрдің айтуынша, әлемде популяциясы 870-1,3 мыңнан аспайтын аң Қазақстанда тек Үстіртте ғана кездесіп тұрады. 

Сондықтан қорықты тиісті күйінде сақтап, оның территориясында және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау шараларын қатаң сақтау өте маңызды, - деп атап өтті министр. 

Қазақстанда алдыңғы Азия алабарысын бақылаумен Үстірт қорығының қызметкерлері мен CADI жобасы аясында Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы айналысады. 

Қазір мамандар жануарды Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу жөнінде негіздеме дайындап жатыр, - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Өзгелердің жаңалығы